Тәуелсіздік тұғыры

672
фото ашық ақпарат көзінен алынды
фото ашық ақпарат көзінен алынды

Ешкімге тәуелсіз, егеменді ел болғанымызға биыл 30 жыл. 30 жыл – айтуға оңай болғанымен, тарих үшін ауыз толтырып айтарлықтай уақыт. Осы жылдар аралығында мемлекет тарихында елеулі өзгерістер орын алды.

Қазақстан – әлем елдеріне өзінің дербес, дара мемлекет екендігін дәлелдей алды. Бүгінде еліміз шекарасы шегенделген, бай салт-дәстүрі бар, мәдениеті озық, діні мен тілі, ұлттық құндылықтары бай елдер қатарында.
Тәуелсіздік – еліміздің баға жетпес байлығы. Тәуелсіздік – қастерлі ұғымның бірі. «Тәуелсіздік – қайта жаңғырған қазақ мемлекеттігінің, ата-бабаларымыз аңсаған азаттықтың тұғыры нығая түскенін әйгілейтін маңызды белес. 30 жыл көптеген халықтар үшін қиындығы мен қуанышы, дағдарысы мен дамуы алмасқан тұтас дәуір деуге болады. Сондай-ақ тәуелсіз ел болу оны жариялаумен немесе мемлекеттің іргетасын қалаумен шектелмейді. Тәуелсіздік үшін нағыз күрес күнделікті еңбекпен, үздіксіз әрі дәйекті елдік саясатпен мәңгі жалғасады. Біз қуатты тәуелсіз мемлекетімізбен ғана ұлт ретінде жер бетінде сақталамыз. Осы айнымас ақиқатты берік ұстануымыз қажет. «Тәуелсіздік бәрінен қымбат!» деген бір ауыз сөз мәңгі ұранымыз болуға тиіс»,-деп еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында айтқан болатын. Айтса айтқандай, қазақ халқы осынау ұлан-байтақ жерін ешкімнен қол жайып сұрап алмады, ешкімнен тартып та алған жоқ, жалға да жалбарынып өтінбеді. Тәуелсіздік бізге бабалардан қалған ұлы құндылық. Осы құндылықты бабаларымыз ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен соңғы қасық қаны қалғанша қорғап қалды. Ұрпаққа аманат етті. Шындығында халық даналығында «Тәубенің зоры – тәуелсіздік» деген қанатты сөз бар. Ата-бабаларымыздың аңсаған арманы – тәуелсіздіктің бесігінде тербеліп, еркін өмір сүріп жатқан біздер шынайы бақытты жандармыз. Ендігі мақсат - осы еркіндікті, егемендікті баянды ету жолында аянбай тер төгіп, жұмыла еңбек ету.

Бағдагүл Жалғасбекова,

Шолақай ауылдық кітапханасының кітапханашысы

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар