Биыл халық санағы онлайн форматта өтеді

2843
Adyrna.kz Telegram
Large crowd of people watching concert or sport event
Large crowd of people watching concert or sport event

Биыл 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі аралықта sanaq.gov.kz. арнайы сайтында онлайн режимінде халық санағы жүргізіледі деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталының тілшісі ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросына сілтеме жасап.

Аталған жүйе тәулігіне 24 сағат бойы қолжетімді болады. Кез келген адам санаққа қатысу үшін өзіне ыңғайлы кез-келген уақытты таңдай алады, сондай-ақ сайтта бланкты толтыруды тоқтату және оны толтыруды кейін қайта жалғастыру мүмкіндігі болады.

Сонымен қатар egov.kz электронды үкімет платформасында sanaq.gov.kz сайтының қосымша парағы орналастырылады, ол арқылы электронды цифрлы қолтаңбаны (ЭЦҚ) қолданып, санаққа қатысуға болады.

Мобильді азаматтар үшін «Aitu» мобильді қосымшасы арқылы ұлттық санаққа қатысу мүмкіндігі ұсынылатын болады.

Ұлттық санақ 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі кезең аралығында өтеді. Оған онлайн режимде де, сондай-ақ, дәстүрлі тәсіл арқылы да қатысуға болады. Биылғы халық санағының ұраны — «Қазақстанда әркім маңызды! В Казахстане каждый важен!».

Ұлттық санақ кезінде «1446» бірыңғай call-орталығы жұмыс жасайды.

«1446» елдің барлық аумағындағы мобильді және стационар телефондар үшін бірыңғай нөмір болады. Сондай-ақ 8 8000 800 878 нөмірі де жұмыс жасайтын болады. Сall-орталыққа қоңырау шалу тегін.

Сондай-ақ биыл ұлттық санақ жүргізу жұмыстарына 32 мыңнан астам адам жұмылдырылады. Қазіргі уақытта 17 аймақтан жалпы саны 85 адамнан тұратын ұлттық санақты дайындау және өткізу жөніндегі штаттан тыс бөлімдер құрылған. Барлық қызметкерлермен еңбек келісімшарты жасалып, дәрежелеріне байланысты 65-105 мың теңге аралығында айлық еңбекақы белгіленген. Бұл бөлімдер өз аймақтары бойынша санаққа дайындық және оны өткізу бойынша ұйымдастыру жұмыстарын жүргізеді.

«Адырна» ұлттық порталы.

Пікірлер