Қазақстандықтар маусым айында қанша күн демалады?

1199

Маусымда қазақстандықтардың қанша күн демалатыны белгілі болды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Осы айда мемлекеттік мерекелер болмағандықтан, бес күн жұмыс істейтіндер маусымда 8 күн демалады. 5, 12, 19, 26 маусым және 6, 13, 20, 27 маусым демалысқа түсіп тұр.

Десе де осы айда елімізде бірнеше мереке бар. Олар:

1 маусым – Балаларды қорғау күні;

4 маусым – Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері күні;

5 маусым – Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні;

6 маусым – қаржы полициясы күні;

20 маусым – медицина қызметкерлері күні;

26 маусым – есірткіні теріс пайдалану мен олардың заңсыз айналымына қарсы халықаралық күрес күні;

28 маусым – бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күні.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы