Екі жасар баласын өлтірген әйел жындыханаға жатқызылды

1771

Алматы облысында екі жасар баласын өлтірді деген күдікке ілінген әйел адам мәжбүрлі түрде емдеуге жіберіледі. Бұл туралы облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты мәлімдеді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Мәліметке қарағанда, ол шизофрения ауруына шалдыққан. Соған байланысты әйел адамға қатысты қылмыстық өндіріс сот қаулысымен тоқтатылды. 27 жастағы әйел мәжбүрлі түрде мамандандырылған психиатриялық стационарда емделетін болады.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қазан айында Алматы облысының Қаратал ауданына қарасты Үштөбе қаласында 2 жастағы баланың денесі мұздатқыштан табылған болатын. Артынша кішкентай ұл баланы туған анасы өлтірді деген күдікпен ұсталды.

Ұлын қалай тұншықтырып өлтіргенін ол қолымен көрсетті.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы