Дәрігерлер вакцина салдырушыларды қылмыс жасауға итермелеген

2316
Adyrna.kz Telegram
Symbolbild Impfung durch AstraZeneca Impfstoff gegen Covid-19, Bescheinigung im Impfpass Symbolfoto, Impfung durch einen Covid-19 Impfstoff zur Bekaempfung der Corona Pandemie des Pharma und Impfstoffhersteller AstraZeneca aus Grossbritanien und Dokumentation im Impfpass. *** Symbol picture Vaccination by AstraZeneca vaccine against Covid 19, certificate in the vaccination passport Symbol photo, vaccination by a Covid 19 vaccine to fight the Corona Pandemic of the pharmaceutical and vaccine manufacturer AstraZeneca from Great Britain and documentation in the vaccination passport

Алматыда тағы бір емхана вакциналау паспортын саудаға салды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы КТК арнасына сілтеме жасап.

Алматыдағы №4 емханада вакциналау төлқұжаты саудаланып жатыр деген ақпарат әлеуметтік желілерде тарады. Бұл қағаздарда сол қызметкерлер өз әрекетіне түсінік берген. Яғни дәрігерлер келушілерге екпе салмаса да, төлқұжат жасап бергенін мойындайды. Бірі жалған құжатты 15 адамға дайындап беріп, әрқасысынан 15 мың теңгеден алған. Індетті жеңудің жалғыз жолын бизнеске айналдырғандар туралы қоғамдық денсаулық басқармасына да тұрғындардан шағым түсіпті.

«Бұр әрекетке барған медициналық қызметкерлер өз еркімен жұмыстан шықты. Қазір іс бойынша материалдар құқық қорғау органдарына жіберілді. Тергеу қорытындысына сәйкес, күдіктілер тиісті жазаға тартылады», - дейді Алматы қаласы қоғамдық денсаулық басқармасы құқықтық жұмыстар бөлімінің басшысы Мақпал Сералинова.

Вакциналау паспортын табыс көзіне айналдырғандар Нұр-Сұлтан қаласында да бар. Мұндағы сауда-ойын сауық орталықтарының бірінде екпе салып жүрген дәрігерлер осындай күдікке ілінді. Олар келген адамдарды вакцина алу туралы райынан айнытқан. Есесіне, 5 мың теңгеге заңсыз паспорт жасап беруді ұсыныпты.

«Бізге заңсыз паспорт жасап беруді ұсынатын дәрігерлер туралы шағымданатындар көп. Сондай тұрғындардың бірі Asia park сауда-ойын сауық кешеніне вакцина алуға барған. Мамандар оны базаға екпе алған деп енгізуді, ал іс жүзінде вакцинаны салдырмауды ұсынған. Қарағанды мен Шымкенттен де осындай шағым келіп түсті. Мұндай мәселенің туындауына кей мекемелердің қызметкерлерін екпе алуға міндеттеуі себеп деп ойлаймын», - дейді медицина ғылымдарының докторы Ботагөз Кәукенова.

Осыдан кейін Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық басқармасы тексеріс жүргізгенімен, «вакциналау паспортын сату дерегі анықталған жоқ» деп, істі жылы жапты.

Бұған дейін Алматыдағы №21 емханада да осындай шу шыққан болатын. Бұл дерекке қатысты полицейлер әлі тергеу жүргізіп жатыр.

«Сезікті ретінде екі азамат, екі медициналық мекеменің қызметкері танылды. Қазір олардың іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Содан соң заңнама аясында шешім қабылданады», - дейді Алматы қаласы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Жалған құжат дайындап сату – қылмыс. Мұндай заң бұзушылыққа барғандардың 4 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Заңсыз құжатты қолданғандарға да қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер