Тоқаев Қазақстан халқын Ораза айт мейрамымен құттықтады

3168
Adyrna.kz Telegram

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды Ораза айт мейрамымен құттықтады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Құттықтау ҚР Президентінің ресми сайтында жарияланды.

Ардақты ағайын!

Баршаңызды Ораза айт мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Рухани тазару мен жаңаруға жол ашатын осы қасиетті мейрам күллі мұсылман қауымы үшін айрықша маңызды.

Рамазан айына жалғасқан бұл жарқын мереке қастерлі дініміздегі мейірім мен шапағат, жанашырлық пен қамқорлық сияқты асыл құндылықтарды дәріптейді.

Ораза айт әр адамның жүрегіне иман нұрын сеуіп, ізгілікке үндейді, жұртты жақсылыққа жетелеп, қоғамды игі істерге жұмылдырады. Сол арқылы халқымыздың береке-бірлігін нығайтып, ырыс-ынтымағын арттырады.

Баршамыз айттан айтқа аман-есен жете берейік!

Сіздерге зор денсаулық, бақ-береке тілеймін!

Әр шаңырақ шуаққа бөленіп, қуанышқа кенелсін!

Ораза айт құтты болсын!

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер