Оңтүстік Қазақстанда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың 300 құрбанына көмек көрсетілді

3901
Adyrna.kz Telegram

 "Заң талабы" құқық қорғау орталығы" қоғамдық бірлестігі ауылдық жерлерде және Шымкентте тұратын дағдарыстағы жағдайдағы әйелдер мен қыздарға қолдау мен көмек көрсету жүйесін құрды. "Ауыл-аймақтарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және оны жою" деп аталатын жоба Орталық Азияның Еуразия Қоры "Шеврон" компаниясымен серіктестікте жүзеге асырып отырған"Qolda 2.0" шұғыл көмек бағдарламасы аясында жасалды.

Көмек сұраған әйелдер мен қыздарға құқықтық және психологиялық көмек көрсетіледі. Сондай-ақ, + 7 747 403 40 69 сенім телефоны мен WhatsApp-та 2 чат ашылды.

Тегін заң көмегі және сот төрелігіне қол жетімділікті қамтамасыз ету отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарының құқықтарын қорғаудың ажырамас бөлігі болып табылады. Ұйымның заңгерлері жоба бенефициарларына консультациялық және психологиялық көмек, процессуалдық құжаттарды жасау, сотта мүдделерін білдіру сияқты көмектерді ұсынатын болады. 2020 жылдың 10 қарашасынан бастап қазіргі уақытқа дейін 176 әйел мен жасөспірім қыз заң көмегіне жүгінді.

"Отбасылық зорлық-зомбылық құрбандарына заң көмегімен бірге психологиялық көмек көрсету маңызды. Ұйымның психологы заманауи әдістерді қолданады. Дағдарыстық жағдайды дер кезінде тоқтату, жәбірленушіге өзін қауіпсіз сезінуге көмектесу керек. Өткен жылдың қараша айынан бастап біздің ұйымның психологиялық көмегіне 99 әйел мен жасөспірім қыз жүгінді."- "Заң талабы" құқық қорғау орталығы" қоғамдық бірлестігінің төрағасы Мурад Юнусов.

"Ауыл-аймақтарда тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын-алу және оны жою" жобасы аясында "Гендерлік және цифрлық құқықтар" атты білім беру тренингтері ұйымдастырылды. Барлығы 85 әйелдер мен жасөспірім қыздар гендерлік мәселелер бойынша білімдерін жетілдіріп, онлайн платформаларды пайдалану бойынша практикалық дағдылар алды.
Тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселесін шешу үшін тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарымен ғана емес, сонымен қатар агрессорлардың өздерімен де жұмыс жасау керек. Жоба аясында агрессор ер адамдарға психологиялық көмек көрсетілді. Барлығы 17 ер адам көмекке жүгінген. Қоғамдық бірлестіктің психологының айтуынша, агрессорлармен жұмыс жасау қиын, проблемаларды бала кезінен іздеп табу керек. Бірақ, соған қарамастан, мамандар қоғамның өзгеріп жатқанын атап өтті, өйткені бұрын психологиялық көмекке жүгінетін ер адамды елестету қиын болатын.
Сондай-ақ, жоба аясында Шымкент қ. мен Түркістан облысы бойынша #StopViolence атты ақпараттық науқан өткізілді. "Тұрмыстық зорлық-зомбылықтың құрбаны болғандарға арналған іс-әрекеттер алгоритмі" атты 2000 буклет және агрессор ер адамдарға арналған"Ашумен қалай күресуге болады?" деген 600 брошюралар таратылды. Ақпараттық науқан мінез-құлықты өзгерту моделіне негізделген. Оған сәйкес адам алған жаңа мағыналы ақпарат оның мінез-құлқын өзгертуге түрткі болады.

Қосымша ақпарат бойынша келесі телефонға хабарлассаңыз болады:
+7 (702) 505 55 00 Мурад Юнусов
e-mail: zan.talabi@gmail.com

"Qolda" шұғыл көмек бағдарламасын Орталық Азияның Еуразия Қоры "Шеврон" компаниясымен серіктестікте жүзеге асып отыр.
Орталық Азияның Еуразия Қоры (ОАЕҚ) - 2005 жылы аймақта құрылған үкіметтік емес ұйым. ОАЕҚ жергілікті қауымдастықтарды нығайту мен азаматтық және экономикалық әл-ауқатын жақсарту арқылы, азаматттардың өз болашағын құруда белсенді қатысуға көмектесу үшін қоғамдық және жеке ресурстарды жұмылдырады.

"Шеврон" Корпорациясы - бұл әлемдегі ең ірі интеграцияланған энергетикалық компаниялардың бірі, 100-ден астам елде өз жұмысын атқарады және мұнай-газ саласының барлық саласында жұмыс істейді. Сонымен қатар, компания жаңартылатын энергия мен алдыңғы қатарлы технологияларды дамытуға инвестиция жасайды. "Шеврон" Қазақстандағы жетекші жеке мұнай компаниясы болып табылады және елдің ең ірі екі кен орны - Теңіз және Қарашығанақта маңызды үлестерге ие. Корпорация Каспий Құбыр Консорциумындағы ең ірі жеке акционер.

Пікірлер