Айтыскер, ақын Балғынбек Имашев Instagram желісіндегі парақшасында мемлекет басшысына үндеу жасады, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.
«Құддыс қаласы Ислам дінін ұстанатын мұсылмандар үшін Мекке мен Мединеден кейінгі үшінші қасиетті мекен. Осы шаһардағы Әл-Ақса мешітінен Пайғамбарымыз Миғражға көтерілген. Неше күннен бері Израиль әскері Палестинадағы мұсылмандарға қару қолданып, тарауық намаздарын оқытпай, қиянат жасауда. Бүкіл Мұсылман мемлекеттері үнсіз. Жалғыз Түркия Президенті (оны Алла панасына алсын) Тайып Режеп Ердоған ғана шырылдап, бауырларға қорған болуға шақырып, барша мұсылмандарға үндеу тастауда. Рамзан Қадыров та қалыс қалмай, Құддыстағы мұсылмандарды қолдайтынын білдірді. Уа, Қазақия мұсылмандары! Рамазанның соңғы күндері қатты дұғада болайық! Алланың дұшпандарына Алланың қаһары жаусын! Лағнеті жаусын! Ия, Раббым, Құддыс өлкесіндегі құлдарыңды өзің қорға! Біздің Қазақстан Республикасы зайырлы болғанымен 70% дан артық мұсылмандар тұратын мемлекет емес пе?
Құрметті, Қасымжомарт Кемелұлы! Сіз әлемдегі беделді дипломаттардың бірісіз! Ең болмағанда Сыртқы істер министрлігінің Қарсылық Нотасын жолдап, Палестинадағы бауырларымыз үшін араша сұрауға не кедергі? Ия, біз саны аз, қуаты әлсіз ел шығармыз. Бірақ, біздің Атомнан бас тартқан бейбітшілік сүйгіш ел ретінде өз ұстанымымызды айтуға құқығымыз бар шығар?» - деп жазды ол.
"Адырна" ұлттық порталы