Форт-Шевченконы қоқыс басып барады — жергілікті тұрғын

1068

Ақтау қаласының тұрғыны Азамат Сәрсенбаев Форт-Шевченко қаласының маңында пайда болған қоқыс үйіндісін видеоға түсіріп, желіге жүктеді, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

«Бұл Маңғыстау облысындағы Форт-Шевченко деп аталатын шағын қала. Бұл мекенде стихиялық қоқыс орны ғана емес, бүкіл қаланың қалдықтары бар үлкен қоқыс орны орналасқан»,– деді ол.

Азамат Facebook желісіндегі парақшасында жергілікті билікке деген ренішін де жеткізді.

«Қоқыс ештеңемен қоршалмаған, ешкім бақыламайды. Адамдар осында келіп, барлық қажетсіз дүниелерін тастайды, содан кейін қоқыс жел арқылы аймақтарға таралады. Түпқараған ауданының билігі ең болмағанда, осы жерді қоршау туралы ойламайды. Айтпақшы, Тельман ауылында да дәл сондай проблема бар»,– деп жазды белсенді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы