Қырғызстан президенті қазақстандық кәсіпкерді өзінің кеңесшісі етіп тағайындады

5296
Adyrna.kz Telegram

Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров қазақстандық кәсіпкер және өнеркәсіпші Алмаз Ибрагимовты ерікті түрде өзінің кеңесшісі етіп тағайындады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Қырғызстан Президентінің сайтына сілтеме жасап.

Алмаз Ибрагимов - Қырғыз КСР Ыстықкөл облысының тумасы, көптеген жылдар бойы Қазақстанның ірі өндірістік кәсіпорындарының топ-менеджері болды.

Ашық ақпарат көздерінен алынған мәліметтерге сәйкес, Алмаз Ибрагимов әр жылдары Қаскелеңдегі Полимер зауытының директоры, Павлодар алюминий зауытының бас директоры, «Қазақстан алюминийі» АҚ президенті және Павлодардағы Қазақстан электролиз зауытының президенті болған.

Қазақстан экономикасын дамытуға қосқан үлесі үшін Алмаз Ибрагимов «Құрмет» және «Отан» ордендерімен марапатталды, ол сонымен бірге 1 және 3 дәрежелі «Барыс» орденінің және үш дүркін «Еңбек даңқы» белгісінің иегері. Қазақстан минералды ресурстар академиясының құрметті академигі және С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің құрметті профессоры атағына ие.

"Адырна" ұлттық порталы

(фото holanews)

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер