СҚО-да 7 үй өртеніп кетті

2055
Adyrna.kz Telegram

Солтүстік Қазақстан облысы Вагулин ауылдық округінің Желяково ауылында 7 үй өртеніп кетті, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Төтенше жағдай 2 мамыр күні болған.

«101 нөміріне сағат 13:24-те Қызылжар ауданына қарасында Желяково ауылында үйлердің жанып жатқаны туралы ақпарат келіп түсті. Дауылды желдің екпінімен асқынған өртті жоюға барлығы 15 бірлік техника мен жеке құрамның 50 адамы жұмылдырылды. Өрт сағат 18-15-те ауыздықталып, 20-25-те сөндірілді . Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өрттің болжамды себебі – белгісіз тұлғалардың отты абайсыз қолдануы»,–деп мәлімдеді ТЖ қызметі.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер