Теміржол вокзалының қызметкерлері төбелес шығарды

4428
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтан теміржол бекетінің екі қызметкері төбелес шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Полиция департаментінің мәліметінше, вокзалдың 21 және 46 жастағы қызметкерлері жанжал шығарған. Оның бірі - ауысым бастығы, ал екіншісі - күзетші.

Полиция тәртіп бұзушыларды ұстады және жағдайдың ауызша келіспеушіліктен басталғанын айтты.

"Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-2 - бабының 1-бөлігі (дене жарақатын алған, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтірмеген ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау) және 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша хаттамалар толтырылды", - делінген хабарламада.

Сот шешімімен іс тоқтатылып, күзетшіге айыппұл салынды.

"Адырна" ұлттық порталы

(фото ашық дереккөзден)

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Пікірлер