Теміржол вокзалының қызметкерлері төбелес шығарды

4491
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2021/04/izobrazhenie_2021-04-30_175646.png

Нұр-Сұлтан теміржол бекетінің екі қызметкері төбелес шығарды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Полиция департаментінің мәліметінше, вокзалдың 21 және 46 жастағы қызметкерлері жанжал шығарған. Оның бірі - ауысым бастығы, ал екіншісі - күзетші. Полиция тәртіп бұзушыларды ұстады және жағдайдың ауызша келіспеушіліктен басталғанын айтты. "Құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73-2 - бабының 1-бөлігі (дене жарақатын алған, бірақ денсаулығына жеңіл зиян келтірмеген ұрып-соғу немесе өзге де күш қолдану әрекеттерін жасау) және 434-бабының 1-бөлігі (ұсақ бұзақылық) бойынша хаттамалар толтырылды", - делінген хабарламада. Сот шешімімен іс тоқтатылып, күзетшіге айыппұл салынды.

"Адырна" ұлттық порталы

(фото ашық дереккөзден)

Comments