Инвест жобалар бойынша 1500-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылды

2985
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласында ауыл шаруашылығы саласында инвестициялық жобалар жүзеге асырылуда. 2021 жылы құны 16,3 млрд теңгені құрайтын 28 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Бұл ретте 1500-ге жуық жаңа жұмыс орындары ашылатын болады.

Шымкент қаласының ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының басшысы А. Қаныбеков жыл басынан бергі үш айлық жұмыстардың есебін баяндады.
Басқарма басшысының айтуынша, 2021 жылы ауыл шаруашылығы саласына 16,3 млрд теңге қосымша инвестиция тартылады. 28 инвестициялық жоба іске асырылып, 1500-ге жуық жаңа жұмыс орындары құрылады. 14,6 мың тонна ет, 47,4 мың тонна сүт, 165 млн дана жұмыртқа өндіру жоспарда. Сонымен қатар, 71,7 мың тонна өсімдік шаруашылығы өнімдері өндіріледі (бидай, арпа, жүгері, көкөніс, бақша, картоп, жеміс).

Атап айтқанда, биыл аумағы 18 гектар жылыжай кешенін (4,8 млрд теңге) құру, 241 гектарды құрайтын босалқы жерлерге алма бауын егу бойынша 3 жоба (4,7 млрд. теңге), 1700 бас ірі қара мал бордақылайтын 10 жоба (685 млн. тг.) және тағы басқа өндіріс өндіріс орындары ашылады.
Нәтижесінде, жалпы өнімнің көлемі 37 млрд. теңгені құрап, еңбек өнімділігі бір жұмысшыға шаққанда 3 млн теңгеге жетеді деп болжанып отыр.

ФОТО: Береке СЕЙІТЖАППАР

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Пікірлер