Қырғызстан-Тәжікстан әскерилері бір-бірімен атысып жатыр

4049
Adyrna.kz Telegram

28 сәуір күні Қырғызстан мен Тәжікстан шекарасында қақтығыс болды. Қақтығысқа екі ел азаматтары қатысқан. Қос тараптан 100-150 адам жиналып, бір-біріне тас лақтырған.

Қақтығыс Тәжікстанның бейнебақылау камерасын су қоймасының маңына орнатуынан туындаған. Тәжік тарапы камераны суды әділетті бөлу процесін бақылау мақсатында орнатқан. Дәл сондай бақылау камерасын Қырғызстан бұдан бірнеше ай бұрын орнатқан еді.

Қақтығыс 29 сәуір күні қайта жалғасты. Бұл жолы екі ел сарбаздары қарулы қақтығысқа көшкен. Атыс барысында автомат және пулемет қолдану фактілері тіркелуде. Ресми Бішкек Душанбені айыптаса, Душанбе Бішкекті кінәлап отыр. Атыс салдарынан ауруханаға түскендер саны артуда. Қырғызстан билігі шұғыл арада Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізуді жоспарлап отыр.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ,

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У мужчин челюсти отвалились, когда они увидели ее страстный танец
Пікірлер