Илон Маск: Марсқа барған алғашқы адамдар тірі қайтпайды

4767
Adyrna.kz Telegram
SpaceX басшысы Илон Маск "Қызыл планетаға адамдарды көшіру алғашқы кезеңде өте қиын болады, көптеген құрбандықтарға жол берілуі де мүмкін. Алғашқы кезде адамдар тірі оралмай да қалады. Адамдарды ғарыш кемелерімен көшіру барысында көптеген қиындықтар туындайды", - деп мәлімдеді.
"Марсқа алғашқы барған адамдар өліп кетуі мүмкін. Бұл тұрпайы әрі ауыр естілсе де, шындығында осылай болады. Онда барғанда сізде алғашында жақсы тамақ болмайды. Жақсы қамтамасыз етілмейсіз. Сондықтан да бірінші өлген адамды кейінгі аштан қалған тірі адамдар жеп қоюы мүмкін" деп ашығын айтты.
Маск Қызыл планетаны игеру жолында ерікті адамдар орасан тәжірибе жинақтап, аңыздарға бергісіз жағдайларды бастан өткеруге тура келеді деді. Бірақ түптің түбінде адамзат баласы өзге планеталар сияқты Марсты бағындырады, әрі Марста адамзаттың өмірі жалғасын табатынына сенімді екенін білдірді.
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер