Мейірім - кәсіби дәрігердің басты құралы

3239
Adyrna.kz Telegram

Әлемдегі ең маңызды да мерейлі мамандықтардың бірі - дәрігер. Ақ халатты абзал жан деген теңеу де осының айғағы. Сырқаттанып, ауырғанда да жаныңыздан табылатын – осы мейірбан адамдар. Шымкенттегі №11 қалалық емхана дәрігері Кульбаева Назипа Биляловна саналы ғұмырын медицина саласына арнады.

Дәрігер ауру ағзаның ғана емес, адам жанының емшісі. Осы ұстанымды ұстанатын Кульбаева Назипа дәрігерді білмейтін шымкенттіктер кемде кем. Ол әр науқасқа кешенді кеңес бере отырып, оған өз жақыны ретінде қарайды. Ал мейірім – кәсіби дәрігердің басты құралы. Жалпы тәжірибелі дәрігер жылына 5000 аймақ тұрғындарына медициналық көмек көрсетеді.

Назипа дәрігердің 25 жылдан бері медицина саласында еселі еңбек етіп келе жатқан қызметі елеусіз қалған жоқ. ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, облыстық, қалалық денсаулық сақтау басқармасының, кәсіподақ ұйымының алғыс хаттарымен марапатталған.

Бүгінгі таңда ЖТД дәрігер талай жанның өміріне араша түсіп, ерлікке пара-пар қызмет атқарып келеді.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

 

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
1 чайная ложка на ночь и все - потенция сильнее, чем в 20 лет
Пікірлер