Магелланның қазасының бес жүз жылдығы

3696
Adyrna.kz Telegram
Фернан Магелланды бүкіл әлем ұлы саяхатшы ретінде таниды. Оған қоса, Фернан Магеллан – кемемен жер шарын айналған алғашқы адам ретінде
дүниежүзілік тарихында қалды. Тегі португалдық жиһанкез Жердің домалақ екенін практикада дәлелдеген және Жер бетіндегі төрт мұхиттың тұтастығын анықтап берген. Оңтүстік Америка құрлығынан күнгейге қарай орналасқан Атлант пен Тынық мұхиттарының арасындағы бұғаз – Магеллан бұғазы  деп атанған. 
1519 жылы қыркүйек айында Испанияның Санлукар-де-Баррамедо портынан шыққан Магелланның экспедициясы үш жылдан кейін жетекшісіз қайтқан. Мұхитқа шыққан бес кемеден жалғыз-ақ «Виктория» жер шарын айналып, аман-есен қайтты. «Сантьяго» кемесі қатты дауыл кезінде жарылып батып кетті. «Сан-Антонио» кемесінде көтеріліс шығып, теңізшілер сапарды жалғастырмай, қашып, еліне қайтты. Қайтқан бұзақылар абақтыға жіберілді.
(«Сан-Антонио»
кемесінде одан бұрын да көтеріліс болды, Магелланға бағынбай кеткен капитан өлім жазасына кесілді, бұзақылар тамақсыз, сусыз шалғайдағы аралда қалдырылып, аш өлімге кесілді). «Тринидад» кемесінің командасы португалдықтардың қолына түсіп, өмірлері тұтқында, ауыр еңбекте Үндістанда аяқталды (Магеллан тегі португалдық болса да, саяхатқа Испания атынан шықты, ақыры Португалияның королі Магелланды қылмыскер, қашқын деп жариялады). Жарамсыз боп кеткен «Консепсьон» кемесін теңізшілер тастап, өрттеп тастауға мәжбүр болды.
Ал, Магелланның өмірі Филиппин аралдарында аяқталды. Бұл өлімге қазір әлемде екі көзқарас бар. Бір жағынан, бүгін адамзат ұлы саяхатшы, нар тұлғаны еске алып, жоқтап жатыр. Екінші жағынан, Магеллан сырттан келген отаршы ретінде өз жерін қорғаған жергілікті халықтан қаза тапқан.
Яғни, Магеллан тек дүниежүзілік ғылымына үлес қосқан ұлы адам ғана ретінде емес, ғылым үшін жаңа жерлерін, жаңа теңіздерін ашып, әлем картасына сызған зерттеуші ғана ретінде емес, шет елден келген басқыншы, басқа елдің ішкі істеріне араласып кеткен отаршы, шақырылмаған қонақ,
жаулауға, отаршы саясатына жол ашқан тегі жат пиғылы арам дұшпан ретінде келген.
Филиппин аралдарына келіп, Магеллан христиан дінінің насихатын бастаған, жергілікті халықты дінге кіргізетін болған. Жергілікті халықты
сенімді мен жатқа бөліп қойып, ішкі істеріне, тайпалардың арасындағы қақтығыстарына бір тарапта екінші тарапқа қарсы араласты, кірісті.
Сөйтіп, 1521 жылы сәуірдің 27-сінде Магеллан Мактан аралында Лапу-Лапу есімді көсем бастаған  жергілікті халықтың қолынан қаза тапты  - өз елін қорғаған жауынгерлер оны найзалап шашып тастады.
Қазіргі таңда Мактан аралы Филиппин мемлекетінің Себу аймағына кіреді, Висай аралдарының бірі. Лапу-Лапу Филиппин үшін жалпыұлттық қаһарман,
тәуелсіздіктің нышаны болып табылады. Батыс елдеріне бүйрегі бұрылмаған,
АҚШқа тісін қайраған ұлтшыл президент Родриго Дутертені Филитппин еліндегі жақтаушылары «біздің заманымыздың Лапу-Лапу» деп атап жүр.
Жыл сайын, 27 сәуірде Филиппинде Лапу-Лапу күні өтеді. Биыл да қанды оқиғаның 500-жылдығы белгіленеді. Бұл оқиға ұлттық тарихындағы ерліктің, еркіндік үшін күресінің парақшасы ретінде қарастырылады.
Әлем болса, бүгін ұлы саяхатшы, жиһанкезді, оның географиялық ашылуларын, ғылымға үлесін қосқанын еске алып жүреді. Американдық, британдық, португалдық, испан, француз, неміс, қытай, орыс, түрік сайттарында, басылымдарында Магелланның есімі еске алынады.
     Бұл оқиғаның қазақ тарихына қатысы жоқ болса да, қазақ даласы теңізден қашық болса да, біз де дүниежүзілік тарихын білуіміз тиіспіз, еске алудан әлемнен қалмауымыз керекпіз. Сонымен қатар, жан-жақтан қарап, талдауымыз керекпіз. Соңғы бес жүз жыл әлем тарихы – отарлау тарихы болған соң, өзіміз де сол отарлау тарихының бір бөлігі болған соң, адамзат ұлықтаған зерттеуші, саяхатшыларды әлемге ортақ ұлықтағанымен қоса, өз жерінде өз елі үшін, еркіндік, тәуелсіздік үшін, отарлауға, келімсек жауларға қарсы күрес не екенінді түсінуіміз керек

 

Асқар Дайырбек

Пікірлер