Оңтүстік Африка азаматы Павлодарда көршісінің қызын тұншықтырмақ болды

3429
Adyrna.kz Telegram

Павлодарда көрші тұратын кәмелетке толмаған қызды тұншықтырмақ болған Африкалық азаматқа үкім шығарылды. 25 жастағы ер адам есі дұрыс емес деп танылып, мәжбүрлі емге психикалық науқастар ауруханасына жіберілді,  деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, шетелдік азамат түнгі уақытта үйге заңсыз кіріп, кісі өлтіруге оқталды деп айыпталды.

Сотта, сотталушы 2020 жылы әлеуметтік желілердің көмегімен қазақстандықпен танысып, қысқа хат-хабардан кейін сүйіктісіне келгені белгілі болды. Жастар үйленіп, Павлодар қаласының маңындағы жеке үйге қоныстанды. Сол үйдің ауласында кәмелетке толмаған баласы бар ерлі-зайыптылар уақытша үйді жалға алды.

«Сот 2020 жылдың 9 тамызында таңғы сағат 04:00 шамасында сотталушының көрші үйге заңсыз кіріп, көршілерінің кәмелетке толмаған қызын тұншықтыра бастағанын анықтады», деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.

Қызды оянған әкесі құтқарып қалды. Тергеу барысында белгілі болғандай, шабуыл кезінде шетелдік уақытша пароксизмальды норманың бұзылу түріндегі психикалық ауытқуда болған. Сотта прокурор сотталушыны қылмыстық жауапкершіліктен босатып, мәжбүрлеп емдеуге жіберуді сұрады. Дәл осындай пікірді сотта оның заңды өкілі болған Оңтүстік Африкалық әйелі де білдірді.

Жәбірленушінің ата-анасы психикалық ауруханадан шыққаннан кейін елден кетуін талап етті. Сот прокурордың ұсынысын қолдап, Оңтүстік Африка азаматын мәжбүрлеп емдеуге Павлодар облыстық психикалық денсаулық орталығының психиатриялық ауруханасына жіберді.

«Заң талаптарына сәйкес, егер адам есі дұрыс емес деп танылса, онда сот медициналық шараларды қолдануға міндетті. Шешім заң күшіне енген жоқ», деп атап өтті соттың баспасөз қызметі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер