Елбасы Ахметжан Есімовті жаңа қызметке тағайындады

3710

Елбасының шешімімен Ахметжан Смағұлұлы Есімов Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының штаттан тыс көмекшісі болып тағайындалды деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Turkistan.kz-ke сілтеме жасап.
Айта кетейік, Ахметжан Смағұлұлы 2017 жылдың желтоқсанынан 2021 жылдың наурыз айына дейін «Самұрық Қазына» ӘАҚ» АҚ басқарма төрағасы қызметін атқарған болатын.

2015-2017 жылдары «Астана ЭКСПО» ұлттық компаниясына төрағалық етсе, 2008 жыл мен 2017 жыл аралығында Алматы қаласының әкімі болған.

Әр жылдары Ауыл шаруашылығы министрі, ҚР Премьер-министрінің орынбасары, ҚР Президенті әкімшілігінің жетекшісі, Мемлекеттік хатшы және Алматы облысының әкімі қызметтерін атқарған.

Пікірлер
Редакция таңдауы