Нұр-Сұлтанда тағы өрт шықты

3118
Adyrna.kz Telegram

Нұр-Сұлтанның оң жағалауында жылдам тамақтанатын кафе өртенді. Ақпарат елордалық Төтенше жағдайлар департаментінде расталды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Өрт сөндіру бөлімдері Иманов көшесі, 5 / 2А мекен-жайы бойынша 12.16-да кетті.

«Өрт сөндірушілер келген кезде Butchers Street тез тамақтану павильоны ашық жалынмен жанып жатқандығы анықталды. Өрт 12.33-те оқшауланып, 12.41-де сөндірілді. Өрт аумағы 30 шаршы метрді құрады. Онда зардап шеккендер жоқ», деп хабарлады ТЖМ.

Куәгерлер оқиға болған жерден түсірілген видеоны ғаламторда жариялады.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер