Алматыда техникалық қызмет көрсету станциясы өртке оранды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.
Түнде Алматы қаласының Алатау ауданында Солтүстік айналма тас жолында орналасқан бір қабатты техникалық қызмет көрсету станциясында өрт шықты.
ТЖД мәліметінше, 4 жеңіл автокөлігі бар бокстардың бірі жанып, станцияның басқа бокстарына өрттің таралу қаупі төнген. Өрт сөндіру бөлімшелері бір мезгілде оқпандарды басқа бокстарды қорғауға және жанып жатқан боксты сөндіруге бере отырып, өртті 220 шаршы метр алаңда тоқтатты.
Қазір өрт толығымен сөндірілген. Қызыл жалын салдарынан зардап шеккендер жоқ.