Никонов қорқып отыр: Батыс бізді алтынсыз қалдырады

4184
Adyrna.kz Telegram

АҚШ-пен текетірес Ресейдің алтын қорына қауіп төндіріп тұр. Бұл туралы атышулы саясаттанушы Вячеслав Никонов 18 сәуір күні «Воскресный вечер» бағдарламасында айтты.  Қазір Ресейдің алтын қорының құны 580 млрд долларды құрайды. Бұл бірнеше жылдық бюджетпен тең. Ресейдің алтын қоры Батыстық банктерде сақтаулы.

"Менің ойымша алтынды бұлай сақтау өте қауіпті, Бұл ақшаларды өз экономикамызды дамытуға құюға тиіспіз, барлық елдің Орталық банктері солай істейді. Өйткені біз ертеңгі "қиын уақытқа" деп қаржы мен қор жинауымыз керек деген идея мүлде жұмыс істемей тұр. Ертең сол "қиын уақыт" келген сәтте оның қызығын біз емес, өзгелер көреді. Мадуродан сұраңдаршы, оның алтын қоры қайда екен, кім қызығын көріп жатыр. Оның қызығын заңсыз болса да Гуайдо көруде" , -деді ол.

"Егер біз Батысқа қарсы санкциялар салғымыз келсе, онда бұл қаржылар біздің ішкі экономикамызды дамытуға бағытталуы тиіс. Мысалы көптеген елдің Орталық банктері өз елінің компанияларының акцияларын сатып алады. Сөйтіп инвестицияны өз еліне құяды. Қазіргі жағдайда алтын қоры әп-сәтте жоқ болуы мүмкін", — деді Вячеслав Никонов.

АҚШ Ресейдің хакерлік шабуылдарына байланысты өткен аптада санкциялар салып, Кремльді экономикалық қыспаққа алуды жалғастырды.

 

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ,

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер