Тәуелсіздікке тың тарту

2501
Adyrna.kz Telegram

Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Таңбалы» мемлекеттік тарихи-мәдени және табиғи қорық музейінде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі археология, этнология және музеология кафедрасының филиалы ашылды.

Таңбалы қорық-мұражайы Алматы қаласының 170 шақырым солтүстік-батысында, Жамбыл ауданына қарасты Қарабастау ауылының маңында орналасқан. ЮНЕСКО-ның қорғауындағы тарихи нысанда әр түрлі уақыт аралығын қамтитын үш мыңға жуық петроглифтерді құрайтын жүзден астам ескерткіш бар.

Археолог, этнолог, музейтанушы мамандар даярлауда мұражай мен әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бірлесіп ұлт қазынасын молайтар жемісті жұмыстар атқармақ. Болашақ археология, этнолог мамандарының білімдерін жетілдіріп, нақты өндірістік іс-тәжірибе алу үшін мұражай базасында өзекті тақырыптар бойынша семинарлар, конференциялар, ғылыми-зерттеу жобалары, шеберлікті шыңдау сабақтары, тренингтер өткізу сияқты ғылыми-тәжірибелік іс-шаралар жүзеге асырылатын болады.

«Таңбалы» қорық-мұражайында ашылған археология, этнология және музеология кафедрасының филиалы қилы дәуірлердегі археологиялық ескерткіштерге бірлескен ғылыми-зерттеулер жүргізу, Таңбалы шатқалының петроглифтерін зерттеу, жартас суреттерінің тарихи-мәдени және палеоэкологиялық мағыналы мәтінін қайта құру жұмыстарымен айналысады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Пікірлер