Ресейдің АҚШ-тағы 1 триллион рублі мен облигациялары бұғатталды

6741
Adyrna.kz Telegram

Ресейдің АҚШ-тағы активтері бұғатталып, мемлекеттік қарыздарына салынған санкциядан рубль қирап жатыр. Ақ Үй әкімшілігі қабылдаған санкция әп-сәтте нәтиже берді.

Бұл жайында The New York Times ақпарат таратып жатыр. The Wall Street Journal-дың айтуынша Ақ Үй әкімшілігі шараны одан әрі ұлғайту әрекетіне көшкен. Қазір АҚШ-тың қаржы мекемелерінде ресейлік банктердің құнды қағаздары мен облигацияларының сатылымы тоқтады.

Ресейлік экономикалық сарапшылар батыстағы активтер мен мемлекеттік қарыздарға салынған санкцияның Ресейге зардабы да күшті болады деп шулап кетті. Бұл саяси - экономикалық санкция бұрынғы санкциялық пакеттерден анағұрлым күшті деп жатыр сарапшылар.

АҚШ-тағы Ресейдің 1 триллион рублі бүгін бұғатталды. Осының алдында ғана АҚШ-тағы Ресейдің банктеріндегі қаржы ағымдарына тосқауыл қойылады деп ескерту жасаған болатын. Халықаралық банктік транзакцияда енді ресейлік Visa, Master card жұмыс істемейді. Қазір ресейліктердің көпшілігі миллиардерлердің капиталын шешіп алу керек деген ұстанымда.

Әлеуметтік желіде ресейліктердің көпшілігі Путин билігін абсолют ұры билік деп, Байденнің санкциясын дұрыс санап, оны мақтауға көшті. Алексей Навальный мен Сергей Фургалдың да мәселелері көтеріліп жатыр. Осылай Ресей біраз жерге дейін аяқ ұшымен баратын сияқты. Бір шындығы бар, біздің теңге рублге байланып тұр. Салқыны теңгеге соқпай қоймайды.

 

Бекболат ҚАРЖАН,

"Адырна" ұлттық порталы 

Пікірлер