Қапшағайда алматылық 40 таяқша кәуап ұрлап кетті

2995
Adyrna.kz Telegram

Қапшағайда Алматылық жігіт кафеден 40 таяқ кәуап ұрлап кетті, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің ресми сайтының хабарлауынша, кафенің 36 жастағы иесі полицияға болған жағдай туралы мәлімдеген. Оның айтуынша, түнде біреу мекемеге баса көктеп кіріп, тоңазытқыштан 40 таяқ шикі кәуап ұрлап кеткен. Шығын мөлшері 35 мың теңгені құрады.

Полиция күдіктіні тапты. Ол 32 жастағы Алматы қаласының тумасы болып шықты.

«Ұрлықшы өз кінәсін мойындады. Ол ғимаратқа қақпа арасынан кіргенін айтты. Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 3-бөлігі 188-бабы «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу ісі жүріп жатыр», дейді полиция.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер