Телефон жұтып қойған ер адамды дәрігерлер аман алып қалды

3633
Adyrna.kz Telegram

Қызылордада ер адам ұялы телефон мен шегені жұтып қойып, дәрігерлердің арқасында аман қалды. Бұл жағдай туралы Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.

"Көпсалалы облыстық ауруханаға түскен ер адамның айтуынша, ол шамамен 8 сағат бұрын ұялы телефонды жұтып қойған", - делінген хабарламада.

Ер адамға жедел түрде іш қуысы органдарының рентгенографиясы жасалды, одан бөтен дене: ұялы телефон мен шеге табылды.

"Телефонның батареясы өте қауіпті, ол кез келген уақытта асқазанның шырышты қабығын күйдіруі мүмкін. Мамандардың кеңесінен кейін икемді эндоскоптың көмегімен бөгде зат сәтті алынып тасталды. Оны эндоскопист дәрігер Айбек Ақбаев жасады", - деді облыстық денсаулық сақтау басқармасы.

Ер адамның неліктен мұндай әрекетке барғаны айтылмады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пенсионерка: "Мне 98, а суставы как в 16 лет! На ночь мажу…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Мы с мужем обрели вторую молодость! Вот как ему вернули потенцию…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Суставы болят не от старости! Найден злейший враг боли в суставах
Пікірлер