Жанқош Тұраров вирус жұқтырды: жекпе-жегі кейінге шегерілді

3677
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров короновирус жұқтырды. Бұл туралы ол, өзінің Instagram парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

"Бүгінгі турнирде өкінішке орай өнер көрсете алмайтын болдым. Барлығы дүние жүзін жаулап тұрған короновирусқа байланысты. Дубайға келген күннен бастап ентігу, температура, мұрынның бітуі, дәм сезбеу симптомдары пайда болды. турнирге шығар алдында Міндеттелген ПЦР тест оң нәтиже көрсетіп, мені қонақ үй номерінде оқшаулады, салмақ өлшеу рәсіміне шығарылмауымның себебі осы болды! Бірақ ештеңеге қарамастан номер ішінде де скакалка секіру, жүгіру арқылы жаттығуды тоқтатпай өз формамды ұстап , бекітілген салмаққа жетіп, оқшауланған күйде номер ішінде салмақ өлшеу рәсімін өткіздік. COVID-19 қайтадан ПЦР өткізуді өтіндік, өкінішке орай бүгінгі нәтиже тағы да "оң" көрсетті. Айналама, қоршаған ортама деген жауапкершілікті сезіне отырып, коронавирустың тез жұқпалы екенін ескере отырып турнирден шектетілдім. Егер дәл осы диагноз болмағанда қазіргі жағдайыммен-ақ маған 3 раунд та жеткілікті еді... Бірақ амал қанша, барлығы бір Аллахтың қалауы. Бүкіл әлемді дүрліктіріп тұрған мына дерттен аман болыңыздар! Ауырмаңыздар!" деп жазды Жанқош өз Instagram парақшасында.

Оның қарсыласы Тайрон Маккенна болуы керек еді, ал WBO Inter-Continental жартылай орта салмақтағы белбеуі қауіп төндірді.

«Өкінішке орай, Жанқош Тұраров Ұлыбританиядан Тайрон Маккеннаға қарсы жекпе-жектен бас тартуға мәжбүр болды. Жекпе-жек кейінге қалдырылды және қысқа мерзімде ұйымдастырылатын болады», - делінген D4G Promotions атынан ұйымдастырушылар.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер