Атырауда кәсіпкерлердің мүддесін қорғайтын жаңа жоба іске қосылды

394

Бизнес пен инвестицияларды қорғау жөніндегі «Protecting business and investments» жобасын іске қосылады. Бұл жобаға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасымен бірлескен.

Жобаның негізгі мақсаты – қолайлы инвестициялық ахуалды нығайту, кәсіпкерлер тап болатын барлық процестерді сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу арқылы бизнес пен инвесторлардың мемлекеттік органдарға сенімін арттыру.

Бұл кәсіпкерлердің уәкілетті және жергілікті атқарушы органдардың лауазымды тұлғаларының сапасыз жұмысымен байланысты мәселелерін шешуде жәрдем көрсетуді білдіреді. Агенттік бизнестің барлық санаттары бойынша жұмыс жүргізуде. Соның ішінде шағын, орта және ірі кәсіпкерлік субъектілері бар. Шетелдік инвестициялар әрбір бесінші жобада белгіленеді. Ең көп ұсынылған елдер қатарында Түркия, Германия, Біріккен араб әмірліктері, Америка құрама штаттары және Польшаны айтуға болады, – деп мәлімдеді сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.

Пікірлер
Редакция таңдауы