Жедел жәрдем көліктері туралы фотоға қатысты түсініктеме берді

880

Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы Госпиталь жанындағы жедел жәрдем көліктері туралы фотоға қатысты түсініктеме берді, деп жазады inbusiness.kz.

Әлеуметтік желілерде таралып кеткен госпиталь алдына жиналған жедел жәрдем көліктерінің фотосын кейбір адамдар «жұртты үркіту үшін, коронавирустан қорқыту үшін жасалған қойылым» деп болжады. Кейбіреулері тіпті жағдайды ұялы телефонның камерасына түсіру үшін аурухана ғимаратына да барған, бірақ ешқандай дүрбелең байқалмаған. Алматы қаласының Денсаулық сақтау басқармасы бұл жағдайды түсіндіріп өтті. Басқармадан айтылғандай, жедел жәрдем көліктерінің кептелісі бір рет қана болған және қайталанған жоқ.

«Бұл КВИ белгілері бар барлық адамдарды РВ-90 жұқпалы аурулар клиникасының филиалына апарғанда орын алған жағдай. Қазір пациенттер ахуалына қарай фильтрге жіберіледі: ауыр, орташа және орташа. Сәйкесінше, жұқпалы аурулар ауруханаларына осы параметрлер бойынша жеткізіледі», – деп хабарлады ведомстводан.

Бұл ақпаратты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев та растады. Ол сондай-ақ қазір клиникада жедел жәрдем көліктерінің кезегі жоқ екенін атап өтті.

Пікірлер
Редакция таңдауы