Үйде оқуға мүмкіндігі жоқ Алматылық студенттер жатақханада қала алады – санитарлық дәрігер

3338
Adyrna.kz Telegram

Үйде оқуға мүмкіндігі жоқ студенттер Алматыдағы жатақханаларда тұра алады. Бұл туралы Алматы қаласы бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Әсел Қалықова айтты, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы, zakon.kz-ке сілтеп.

Алматыдағы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте журналист қаланың бас санитарлық дәрігерінің жаңа қаулысына байланысты жатақханадан шығарылып жатқан студенттер туралы сұрады. Үйде оқуға жағдайы жоқ студенттерге қалай оқитыны жайлы және сессияны қалай тапсыратын жөнінде сұрақ қойды.

"Ондай студенттер жатақханада тұра алады, егер олар өз үйлерінде оқуға жағдайлары болмаса. Бірақ барлық санитарлық-эпидемиологиялық нормалар мен ережелерге бағынады",деп жауап берді Алматы қаласы бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Әсел Қалықова.

Ол мониторингтік топтардың пікірі бойынша студенттердің бір бөлігі жатақханадан кете бастағанын атап өтті.

Сонымен қатар ол бүгін Алматыдағы жатақханалардың бірінде коронавирус індеті анықталғанын айтты. Бір бөлмеде тұрмаған, үш науқас вирус жұқтырғанын атады. Бүгінгі күні жатақханада эпидемияға қарсы шаралар қабылданып, байланыстар шеңбері құрылды және қосымша ПТР-тестілеу өткізілді.

Алматы жатақханаларындағы студенттерді шығару барысында Білім және ғылым министрлігі түсініктеме берді. Департамент бұл мәселе Денсаулық сақтау министрлігінің құзыретіне жататынын айтты, бірақ олардың студенттерді шығарғысы келмейтіндігін атап өтті, өйткені оқу жылының аяқталуына бір жарым ай ғана уақыт қалды. Олар сонымен қатар студенттерді мәжбүрлеп шығару туралы ақпарат шындыққа жанаспайды дейді.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер