Суэц каналынан бір күнде 10 миллиард АҚШ долларын құрайтын тауар жүзіп өтеді

3843
Adyrna.kz Telegram
Суэц каналына ұзындығы 400 метр,  219 мың тонна жүгімен кептеліп тұрып қалған Ever Given контейнеровозы бүгін орнынан қозғалды деп хабарлады The Wall Street Journal. 
Ever Given-нің соңында күтіп тұрған супертанкерлердің саны 238-ге жетеді. Барлығы да әлемнің әр елдеріне жүз мыңдаған тонна шикізаттарды алып барады. Суэц каналында кезекте тұрған супертанкерлердің көпшілігі қазір Қызыл теңізді жағалап жүзіп жүр. Суэц каналынан әлемнің шикізат тауарының күн сайын 12 пайызы тасымалданады екен. Бір күнде Суэц каналынан 10 миллиард АҚШ долларының тауары тасымалданады. Сонда каналдан сағатына 400 миллион АҚШ долларына тең тауар жүзіп өтеді деген сөз. Бұл әлемдегі гигант тасымалдаушы су магистральіне жатады. Демек бұл палента үшін өте маңызы зор стратегиялық су жолы саналады.
Ал, енді Ever Given супертанкерінің бір күндік кептелісінің өзі 10 миллиард АҚШ долларына тең тауарды өткізбей қойса, 23-ші наурыздан бері 238 супертанкердегі жүктің өте алмауы, әледегі графикпен жұмыс жасап отырған қаншама мұнай мен газ, басқа да саладағы өндіріс орындарына қанша миллард АҚШ доллары шығын әкелетінін есептеңіз. Тіпті жүздеген миллиард долларға жетуі де мүмкін.
Азамзаттың игілігі үшін жұмыс жасап тұрған Суэц каналы ашылып, Ever Given супертанкері аман есен өтіп кетсін деп тілейік!
 
 
Бекболат ҚАРЖАН,
"Адырна" ұлттық порталы
Пікірлер