Саясаттанушы: Ресей келісімнен шығып, 25 атом бомбасын жаруы тиіс

6719
Adyrna.kz Telegram

"Ресей НАТО мен АҚШ-ты ұстап қалуы үшін "Ядролық қаруды сынамау туралы келісімнен" уақытша шығып, 20−25 мәрте ядролық сынақ жасауы тиіс" дейді саясаттанушы Дмитрий Евстафьев. Бұл туралы ол АҚШ-тың "Солтүстік ағым-2" газ құбырына қатысты саясатын талқылау бойынша өткен бағдарламада айтқан.

«Қазір қалыптасқан қауіпті уақытта, жалпы тек біз үшін емес, әлем үшін қауіпті кезеңде біз "Ядролық қаруды сынамау туралы келісімнен" уақытша шығып, НАТО-ның ірі әскери жаттығуы өтетін сәтте 20-25 ядролық қаруды сынақтан жария түрде өткізуіміз керек. Батыстағылардың екпінін басудың басқа жолын көріп тұрғаным жоқ», — деді ол.
Оның ойынша Жаңа Жер аралындағы полигон жабық тұрғанымен, істен шыққан емес.

«Саяси ерік болса ядролық сынақтарды жасауға жарты жылдық дайындық жетеді. Бұл бізге тағы 4−5 жыл уақыт береді. Сол аралықта оларда жаңа басшы да келіп қалар», — деді саясаттанушы.

АҚШ билігіне Байден келгелі бері Батыс тарапынан Ресейге қысым артты. АҚШ тарапынан Мәскеуге бірнеше мәрте санкциялар жарияланып та үлгерді.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ,

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер