Қазақстандық теннисші ару әлемнің экс-чемпионын жеңді

2424
Adyrna.kz Telegram

Miami Open турнирінде  қазақстандық ару Зарина Диас «Үлкен дулыға» турнирінің жеті дүркін чемпионы және АҚШ-тың төрт дүркін Олимпиада чемпионы Винус Уильямсты жеңді, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. Бұл туралы Қазақстанның теннис Федерациясы мәлімдеді.

Зарина екі сет бойы басымырақ болды - 6: 2, 7: 6 (12:10). Оған жеңіске жету үшін 1 сағат 30 минут уақыт кетті. 27 жастағы Зарина ойын кезінде бір рет қателік жіберіп, алты брэйк-понттың бес ұпайын өзгертті. Ал 40 жастағы Винус бес рет өз ұпайын желге ұшырды. Екі реттік қателіктен екі мәрте жаңылғанымен қарсыласының үш добын қайтара алды. Бұл спортшылардың екінші рет бетпе-бет кездесуі болды. 2015 жылы Цинциннатидегі турнирде қазақстандық, бірінші айналымда Уильямстан 6: 7 (6: 8), 4: 6 есебімен жеңіліп қалған еді. Енді жеке кездесулердегі есеп бойынша 1: 1 болды.

«Мен бүгінгі жеңісіме өте қуаныштымын, бірақ бұл қиынға соқты. Мен Винусқа кішкентай кезімнен тамсанып өстім. Ол аңызға айналған теннисші! Сондықтан мен үшін бүгінгі жеңіс шынымен ерекше. Мен тай-брейкті ойнап шыққаныма қуаныштымын. Бұған қанша еңбек пен күш кетті, дегенмен мен жетістікке жеткеніме қуаныштымын », - деді біздің теннисші ойын соңында.

Келесі айналымда Зарина әлемнің 12-ракеткасы швейцариялық Белинда Бенчичпен кездеседі.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер