Бүгін — Ғабит Мүсірепов, Марат Қабанбаев және Жәнібек Кәрменовтің туған күні

1249

Бүгін – қазақ халқының біртуар ұлдарының туған күні. 22 наурыз күні Ғабит Мүсіреповтің туғанына 119 жыл, Марат Қабанбаевтың өмір есігін ашқанына 73 жыл, Жәнібек Кәрменовтің дүниеге келгеніне 72 жыл толып отыр.

Ғабит Махмұтұлы Мүсірепов – қазақтың халық жазушысы, драматург, сыншы, мемлекет және қоғам қайраткері. Оның қаламынан шыққан «Оянған өлке», «Жат қолында», «Қазақ солдаты», «Ұлпан», «Кездеспей кеткен бір бейне», ана тақырыбына жазған әңгімелері қазақ әдебиетінің алтын қорына қосылған баға жетпес туындылар.

Марат Қабанбаев – жазушы, публицист. Оның шығармаларының дені балалар мен жасөспірімдерге арналған. Негізгі тақырыбы: заман келбеті, жастардың өмір-тіршілігі; идеясы: адамды сүю. «Бақбақ басы толған күн» (1975), «Арыстан, мен, виоленчель және қасапхана» (1977), «Жиһанкез Тити» (1982), «Пысық болдым, мінеки» (1983), «Қала мен қыз бала» (1984), «Қазақ, қайда барасың?» (1995), «Сурет салғым келмейді» (1995) атты повестер мен әңгімелер топтамалары, «Көркем дәм» (1977), «Айшылық алыс жол» (1987) романдары жарық көрді.

Жәнібек Кәрменұлы – әнші, жазушы, қазақ КСР-інің еңбек сіңірген әртісі. Ол өзіндік ән орындаушылығымен ерекше көзге түсті, көптеген халық композиторларының шығарма өмірі мен мұрасын насихаттау және олардың ұмытылған ән мәтіндерін қалпына келтіру ісіне мол үлес қосты. Өнер тақырыбына арналған кітаптары (“Ақылбайдың әні”, ”Ғашықтың тілі”, “Махаббат әні”) жарық көрді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы