Қазақстаннан Қырғызстан бақыттырақ

1993
Adyrna.kz Telegram

Біріккен Ұлттар ұйымында World Happiness Report-тың 2021 жылғы есебі жасалды. Қазақстан бұл тізімде 36-шы орын алды, деп хабарлайды WHR.

Nege.kz жазбасы бойынша, БҰҰ-ның «Әлемдік бақыт туралы» жыл сайынғы есебінде биылғы жылы әлемнің 149 елі күтіліп отырған өмір ұзақтығы, әлеуметтік қолдау, жемқорлық және тағы басқа көрсеткіштер бойынша бағаланған.

Қазақстан бұл тізімде 36-шы орын алып, Ресей, Грузия және Тәжікстан елдерін артта қалдырды.

Рейтингінің басында төртінші жыл қатарынан бірінші орын иеленіп отырған Финляндия елі тұр.

Бақыт деңгейі бойынша үздік он елдің қатарына, сондай-ақ Исландия, Дания, Швейцария, Нидерланды, Швеция, Германия, Норвегия, Жаңа Зеландия және Австрия кірді.

Бұрынғы Кеңес Одағы елдерінің арасында Эстония 28-ші орында, Литва 29-шы орында, Қырғызстан – 33-ші, Латвия – 34-ші, Қазақстан – 36-шы, Молдавия 49-шы, Ресей 60-шы, Тәжікстан 62-ші, Украина 69-шы және Грузия 73-ші орында тұр.

Рейтингіні Зимбабве және Танзания елдері түйіндеді. World Happiness Report 2021 рейтингісінің биылғы ерекшелігі – оның коронавирус пандемиясының адам өміріне әсер етуін, сондай-ақ түрлі елдер үкіметтерінің оны қалай елегенін бағалауында. Әлем елдерінің бақыт рейтингісі 2012 жылдан бері жасалып келеді.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диалог бабушки и внучки! Такое видео вызывает смех сквозь слезы…
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пышнотелая танцовщица заставила зал замереть! Только посмотрите
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер