Жеңіл жүрісті 30 әйел ұсталды (видео)

1277

Алматы қаласының орталығында сауналар мен спа-салондарда жеңіл жүрісті 30 әйел ұсталды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Медеу ауданының полиция қызметкерлері мониторингтік топтардың құрамында сегіз саунаны, спа-салондарды және боди-массаж қызметін ұсыну нысандарын тексерді. СЭС саласында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының көші-қон заңнамасында бірқатар бұзушылықтарды анықтады.

– Рейдтер түнгі уақытта жүргізілді. Бұл мекемелерде жезөкшелікпен айналысатын әйелдердің де жұмыс істейтіні, олардың кейбірінің құжаттары мүлдем болмағаны анықталды. Бір сөзбен айтқанда, притондар “дене массажы”, “СПА-салон” және “сауна” белгілерімен жұмыс істеді. СЭС өкілдері мекеме иелері мен әкімшілеріне қарсы ҚР ӘҚбК-нің 425-бабына сәйкес шаралар қабылдады. Сонымен қатар, құқық бұзушыларға қатысты ҚР ӘҚбК-нің 492-бабы мен ҚР ӘҚбК-нің 450-бабына сәйкес әкімшілік материалдар жиналды, – деді Медеу аудандық полиция Басқармасы бастығының бірінші орынбасары Елнұр Кұдретбаев.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы