Дәстүрлі-коллективті саясиланған Ислам діні әйел теңдігіне қарсы дүние

2892

ФЕМИНИЗМ ЖАСАСЫН!!!

Дәстүрлі-коллективті саясиланған Ислам діні әйел теңдігінің (гендерлік баланс) ең басты қарсыласы екенін естен шығармауымыз керек.

Оған дәлел ретінде Исламдағы мына хадистерді, (ең қызығы ғасырлар бойы қалыптасқан бұл діни сенімдер Құранда жоқ,) мысалға келтірсек:

Әйелдің қисық қабырғадан жаралғаны мен әйел адамға намазда имам болуына тыйым салынуы.
Басты орамалмен тұмшалап жабу мен ниқап(хиджаб)киюі.
Әйелдер мен еркектердің тең құқылы еместігі және әйел адамның өзі жалғыз сапарға шығуына немесе әйел адамның ерінің денесіндегі іріңге толы жарасын жаласа да ерінің қақысын өтей алмайтындығы.
Алладан басқа сәжде жасауға ұлықсат берілген болса, әйелдің еріне сәжде жасауы.
Әйел адамның етеккірі келгенде намаз оқуға, ораза ұстауға, Құран оқуға және мешітке кіруге тиым салынуы.
Әйелдердің арнайы униформа киюі туралы және әйелдердің еркектермен қол ұстасып амандасуға,одан қалса әйелдің жабық бір жерде бір еркекпен оңаша қалуға болмайтындығы.
Әйелдердің ерінен басқа адамдардың иісін сезіп қойса харам болатыны және
әйелдердің (көшеге шықса) макияж қолданулары бұрыс екені.
Ері төсекке шақырғанда әйелдің, бүткіл ісін тастап төсекке жүгіру керектігі мен
әйелдің өзінің ата-анасынан яки жебеушісінен( опекун)ұлықсат алмай күйеуге шығуына болмайтындығы.
Әйелдерді сүндетке отырғызу.
Әйелдің еркектен дәрежесі төмен дейтін сенім.
Әйел адамның басшы бола алмайтыны.
Әйелдің жұма намазына бармауы яғни үйінен оқуы дұрысырақ деген наным.
Әйелдің ит, шошқа сияқты намазды бұзатыны және әйелдердің көпшілігінің тозақтық екені.
Әйелдердің шәрлі (кесірлі) болатыны.
Әйелдердің ақылының кем екені.
Әйелдерді үйге қамап қою.
Әйелінің барлық мәселелерде күйеуіне бағынуының парыз екені.

Екі әйел куәгердің бір еркек куәгерге тең екені және т.б осындай Мұхаммедтің "сөзіне"( хадистеріне) негізделген догмалық діншіл сенімдер жиынтығы коллективті-дәстүрлі Исламда кең формада көрініс тапқан.Сондықтан да осы діни ұстанымдарға сәйкес дәстүрлі діни-саясиланған араб-парсы Ислам мәдениеті әйел-аналардың құқығы мен ерік-бостандығы аяққа таптайды яки шектейді деген тұжырым жасауға әбден болады.

 

Тұрарбек ҚҰСАЙЫНОВ,

«Демос» қоғамдық бірлестігінің төрағасы

 

(Автордың жеке көзқарасы редакцияның ұстанымын білдірмейді)

Пікірлер
Редакция таңдауы