Конституцияға хиджаб пен пәрәнжә киюге тыйым салатын заң енгізілді

33256
Adyrna.kz Telegram

Швейцария Конституциясына бетті жауып тұратын киім киюге тыйым салатын заң енгізілетін болды. Жексенбі күні өткізілген референдум барысында халықтың басым бөлігі заңды қолдаған.  Референдумда халықтың 51,21 пайызы заңды қолдаса,  48,7 пайыз халық қарсы болған. Жалпы референдумға ел халқының  51,4 пайызы қатысқан. 

Енді Швейцариялық мұсылмандарға хиджаб, никаб, пәрәнжә киюге болмайды. Сондай-ақ футбол фанаттары тағатын бетті бүркемелейтін түрлі киімдерге де тыйым салынған.

Референдумда электронды төлқұжат енгізу мәселесі де көтерілді. Алайда халық ол ұсынысты қолдамады.

Бетті бүркемелейтін киімдерге тыйым салу заңы Швейцарияда үлкен талас-тартыс туындатуда. Әсіресе мұсылмандар арасында. Көпшілік "бұл дін ұстану еркіндігіне қарама-қайшы" дейді.

Асхат ҚАСЕНҒАЛИ,
«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Пікірлер