«Жынды етіп қойды». Ақтөбе облысында бұрынғы имам әйелін дінмен қорқытып ұстаған

2244
Adyrna.kz Telegram
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі
Сурет: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

Ақтөбе облысының Қандыағаш қаласында бұрынғы имам, қазіргі теолог әйеліне зорлық-зомбылық көрсетіп, туыстарымен араластырмай қойған. Бұл туралы ақпаратты әйелдің сіңлісі әлеуметтік желіде таратқан, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Instagram-дағы abdulla_kz_kz парақшасында жазғандай, сіңлісінің айтуынша, жездесі әпкесіне бірыңғай жындар мен тозақ туралы әңгіме айтып, оны адам танымастай өзгертіп тастаған. Зорлық-зомбылыққа ұшыраған келіншек ауырып қалған. Ал күйеуі медициналық қызметке жүгінбей, дін жолымен емдемекші болып, жағдайын одан ары нашарлатқан.

“Сап-сау әпкемді жездем ұрып, жынды етіп қойды. Әпкемнің түк жазығы жоқ еді. Өте жуас болатын. Тіпті, дінді жақсы ұстанады. Бөтен ер адамдармен сөйлеспейтін. Жолдасы мектеп кезіндегі достарымен сөйлесуге тыйым салған. Туыстары бар чаттан шығарып жіберген. Әпкем еріне бағынған инабатты келіншек болды. Ал соңында өзі далада қалды”, - дейді сіңлісі.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Морщины "стираются" как ластиком! Намажьте кожу лица обычным...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер