Түркістан туристерді таңғалдыруға дайын

511

Туризм саласын дамытуда жан-жақты жобалар жүзеге асып жатқан Түркістан Түркі әлемінің астанасы ретінде әлемдік аренада Қазақстанның беделін биіктете беруі тиіс деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Түркістан облыстық баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
ЮНЕСКО-ның қорғалу аймағындағы ғимараттар Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің биіктігінен аспайды. Және барлық жерде мавзолей көрініп тұруы қажет. Бұл аумақтағы ғимараттар мен баспаналар ортаазиялық үлгіде салынуда. Қазақы нақышта, ою-өрнектер қолданылады. Облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев кезекті рет шаһардағы құрылыс жұмыстарының барысын бақылады. Өңір басшысының қатаң қадағалауымен жүргізіліп жатқан мәдени -рухани орталықтағы халықаралық деңгейдегі нысандар әлем туристерін қызықтыратын әрі тарихтан сыр шертетін ғажап орталыққа айналуда.

Түркістан қаласында шаһарға ерекше көрік беретін ауқымды жобалардың құрылысы жалғасуда. Солардың бірі де бірегейі – «Керуен-сарай» кешені.

Жоспар бойынша бұл кешен көне заманның ежелгі сауда алаңдарын еске түсіретін үлкен шығыс үлгісіндегі гранд-базарға айналады. «Керуен-сарай» аумағында қонақүйлер, кинотеатрлар, мейрамханалар, тарихи-сауда көшесі мен жасанды көлмен қатар, кешенге жақын жерде «Керуен Сарай» тұрғын үй кешені  орналасады. Тұрғын үй кешенінің көрінісі негізгі кешен мен көне қала орталығының жалпы келбетіне сәйкес, ежелгі қаланың рухын, қайталанбас үлгісі мен бірегей сәулетін сақтайды.

Сондай-ақ Түркістан қаласының мәдени-рухани орталығында заманауи баспаналар бой көтерді. Көне шаһардың ең көрікті жерінде орналасқан «Keruen Sarai» тұрғын үй кешенінен пәтер мен таунхаус сатып алуға болады. Шығыстың әсем келбеті мен ежелгі шаһардың бірегей бейнесі сақталған кешен  Ясауи кесенесіне жақын жерде орналасқан. Тұрғын үй кешені екі және үш қабатты 9 кешеннен тұрады. 1, 2 және 3 бөлмелі пәтерлер мен таунхаустардан тұратын 125 тұрғын үй жайғасқан.

Түркістаның жаңа көрікті аумағындағы құрылыс барысын облыс әкімі Өмірзақ Шөкеев аралап көрді. Құрылысшылармен кездескен өңір басшысы жауапты тұлғаларға демалыс орындарындағы балалар алаңқайларының сапасы мен қауіпсіздігін жіті қадағалауды жүктеді.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар