Қазақстанда өткен тәулікте 1003 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы ресми сайтқа сілтеме жасап.
Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 75, Алматы қаласы - 114, Шымкент қаласы - 5, Ақмола облысы - 118, Ақтөбе облысы - 5, Алматы облысы - 47, Атырау облысы - 43, Шығыс Қазақстан облысы - 63, Жамбыл облысы - 11, Батыс Қазақстан облысы - 83, Қарағанды облысы - 46, Қостанай облысы - 81, Қызылорда облысы - 7, Маңғыстау облысы - 7, Павлодар облысы - 222, Солтүстік Қазақстан облысы - 69, Түркістан облысы - 7. Жалпы ел бойынша ауырғандар саны 196115.