Екі рет вакцина салдырған конгрессмен коронавирус жұқтырды

2301
Adyrna.kz Telegram

Массачусетс штаты конгресінің мүшесі Стивен Линч Pfizer/BioNTech вакцинасын салдырғаннан кейін коронавирус жұқтырды, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі РИА Новостиге сілтеме жасап.

Демократқа АҚШ президенті Джо Байденді ұлықтау рәсіміне дейін вакцинаның екінші дозасы енгізілген. Линчтің өкілі Молли Роуз Тарпидің айтуынша, рәсім алдында оның тесті теріс нәтиже көрсеткен.

Қазіргі таңда Стивен Линчте аурудың белгілері жоқ. Конгрессмен өзін жақсы сезінеді. Бір апта бойы саясаткер карантинде болады және өз міндеттерін қашықтан орындайды.

Айта кетейік,денсаулық сақтау мамандары Pfizer препаратының екінші дозасынан кейін 95 пайыздық тиімділікке жету үшін бір апта, ал Moderna препараты үшін 94 пайыздық тиімділікке жету үшін екі апта қажет екенін атап өтті.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Не смейте выбрасывать зажимы от хлебных упаковок: они бесценны
Пікірлер