Төрт баланың анасы жаңа туған сәбиін қоқысқа тастаған

4179
Adyrna.kz Telegram

24 қаңтарда Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз ауылында 35 жастағы келіншек жаңа туған сәбиін қоқыс жәшігіне тастаған, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі АқЖайық басылымына сілтеме жасап.

Қаны тоқтамаған келіншекке көмекке келген жәдел жәрдем қызметкерлері оның жас босанғанын анықтайды. Бірақ үйден шақалақты таппағасын, тәртіп сақшыларына хабар берген. Көп кешікпей, жансыз шақалақты үйдің маңында 100 метрдей жердегі қоқыс жәшігінен табылады. Оның толыққанды, биологиялық жетілгені анықталды.

Келіншектің заңды некедегі жары мен төрт баласы бар. Бірақ бұл жолы жүктілігін жасырып, өз үйінің әжетханасында босанып қалған.

Осы оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу жүріп жатыр.

«Адырна» ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Диетолог: "Уходит 12 кг жира за 3 дня! Для похудания советуем…
Пікірлер