Өмір сүру жасымыз ұзаруда

4613
Adyrna.kz Telegram

2021 жылы қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы 73,3 жасқа ұлғайтылады. Бұл туралы Үкіметтің кеңейтілген отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.

«Отандық денсаулық сақтау жүйесін материалдық-техникалық және кадрлық қамтамасыз етуді күшейту бойынша шаралар қабылдануда. Халыққа ерікті негізде, тегін коронавирусқа қарсы вакцинация жасау қамтамасыз етіледі. Ұлттық санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің реформасы және цифрландыруы жүргізіледі. Өңірлерде медициналық көмектің қолжетімділігі артады», - деді ол. Оның айтуынша, аудандық ауруханалар мен перзентханаларда медициналық жабдықпен қамтамасыз етілу деңгейі 70 пайызға жеткізіледі. 33 фельдшерлік-акушерлік және медициналық пункт ашу, 2 ғылыми орталық пен 8 көпсалалы аурухана салу жоспарланған. «Бастапқы медициналық-санитарлық көмектің прогрессивті моделін жасау жалғасады. Жалпы қабылданған шаралар болжамды өмір сүру ұзақтығын 2021 жылы 73,3 жасқа ұлғайтуға мүмкіндік береді», - деді Үкімет башсысы.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Врач рекомендует! Найден злейший враг боли в суставах!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Запор уйдет за пару часов благодаря этому дедовскому методу!
Пікірлер