Биыл да Отан қорғаушылар және Жеңіс күніне орай әскери шеру өтпейді

3182
Adyrna.kz Telegram

Биыл елімізде 7 мамыр - Отан қорғаушы және 9 мамыр - Жеңіс күні мейрамына орай әскери шеру өтпейтін болды, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

«Бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында және басқа да міндеттерді шешу қажеттігіне байланысты биыл елімізде әскери шеру өтпейді. Жалпы алғанда қазіргі уақыттағы маңызды басымдық - Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығын талап етілетін деңгейде ұстап тұру», - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, ресми ақпаратта Қорғаныс министрлігі әскери-патриоттық іс-шараларды жоспарлап, өткізіп жатқаны айтылған.

«Аталған шаралар ерекше көзге түскен әскери қызметшілерді құрметтеу, соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлерді еске алу және олардың ерлігін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау мақсатын көздейді», - дейді ведомстводан.

7 және 9 мамыр мерекелеріне арналған шаралар туралы ақпарат жуырда министрліктің ресми сайтында жарияланады.

Пікірлер