Оқушылар ковидтен көз жұмып жатыр ма?

2651
Adyrna.kz Telegram

Facebook әлеуметтік желісінде кеш қызылордалық белсенді азамат Үйтолған Жареке 4 сынып оқушысы ковидтен қайтыс болғаны туралы жазба қалдырды. Бұл туралы «Адырна» ұлттық порталы автордың жазбасына сілтеме жасап хабарлайды.

«Қаламыздағы №8 мектептің 4 сынып оқушысы бүгін таңда қайтыс болыпты. Пневмониямен ауруханаға түскен екен. Аллам ата-анасына сабыр берсін. №5 мектеп оқушысы да ковидпен ауырып жатыр деген ақпарат бар.

Осы кезекші сынып дегендерді ата-ана мазаны алғасын ашты деп ойлаймын. Одан қалды офлайндағы баланың бәрін жеке мектеп, оқу орталықтарына беріп қойдық. Жаздағы жағдайды тез ұмытып кеттік. Оқу да, үлгерім де баланың амандығынан артық емес. Барлық мектептер, тіпті жеке мектептер де онлайнға ауыстырылсын. Мәселені ушықтырып алып опынып отырмайық.

Ата-аналар, балаларды кезекші сыныпқа да жібермеңіздер» деп жазды Үйтолған Жареке. Бұл жазбаға қатысты пікір білдірген ата-аналар баласын мектепке жібермеуді айтып, кезекші сыныптарды жабуды сұрап жатыр. Алайда әзірге жауапты мекемелерден аталған жағдайға байланысты ешбір ресми түсінік берілмеді.

Пікірлер