Футболшыларымыз кетіп жатыр

18756
Adyrna.kz Telegram

Ресей премьер-лигасына ауысып жатқан қазақстандық футболшылардың қатары көбейіп жатыр деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Baq.kz агенттігіне сілтеме жасап.

Мысалы, Екатеринбургтің «Урал» командасы сапында Абат Айымбетов пен Максим Федин сынақтан өтіп жатыр. Айымбетов Біріккен Араб Әмірліктерінде өтіп жатқан оқу-жаттығу кезіндегі жолдастық матчта бір гол соғып үлгерді. Ал Федин әріптесіне нәтижелі пас берген.

Сонымен қатар былтыр «Қайсар» қақпасын күзеткен Александр Заруцкий Туланың «Арсенал» командасымен Түркиядағы жаттығу жиынында жүр.  Енді «Астана» қорғаушысы Юрий Логвиненко Волгородтың «Роторына» ауысуға жақын. Бұл клубқа бұған дейін Дмитрий Шомко мен Алексей Щеткин ауысқан еді.

Ресейде ойнап жүргендердің қатарында Бактиер Зайнутдинов (ЦСКА), Исламбек Қуат («Химки», Ақмал Бақтияров «Сочи») бар.

Пікірлер