Путин запастағы әскерилерді шақыру туралы жарлыққа қол қойды

1002
Adyrna.kz Telegram

Ресей президенті Владимир Путин запастағы ресейліктерді әскери жиындарға шақыру туралы жарлыққа қол қойды. Құжат Ресей Федерациясының ресми құқықтық ақпарат порталында 16 қаңтарда жарияланып, жарияланған күнінен бастап күшіне енген, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы. 

Жарлық бойынша нақты қанша адамның шақырту алатыны және әскериі жиындардың қанша уақытқа созылатыны белгісіз.

Құжатта әскерилерді жинау мақсатына байланысты бірнеше тармақ жасырылған.

Әскери жиындарға тек запастағы ер азаматтар ғана шақырылады. 1998 жылы қабылданған заңға сәйкес жиын 2 айдан аспауы тиіс. Запастағы азаматтар 3 жылда бір рет жиынға келуге міндетті. Әскери жағдайға байланысты жиын уақыты созылған күннің өзінде 1 жылдан аспауы керек. Жиынға қатысушыларды соғыс іс-қимылдары аймағына жіберугі болмайды, тек Ресейдің өз аумағындағы қорғаныс шараларына қатыса алады.

Шақырту алған азаматтар жиынға келмесе 10 мыңнан 30 мың рубльге дейін айыппұл салынады. Әскерге шақырудан жалтару немесе қашу қылмыстық жауапкершілікке алып келеді.

2023 жылдың шілдесінде Путин запастағы әскерилердің зейнет жасын 5 жылға көтерді. Яғни жоғары лауазымды офицерлер 65 жасқа дейін, кіші офицерлер 60 жасқа дейін запас жиындарына келуі қажет.

Пікірлер