Ресейде жүздеген адамдар тұтқындалды

1873

Жақында Ресей оппозиционері Алексей Навальный қамауға алынған болатын.  Саясаткерді босатуды талап еткен наразылық акцияларын тоқтату үшін полиция шеруге шыққан жүздеген адамдарды ұстады, деп хабарлайды BBC [1].

Митингтер Мәскеу, Санкт-Петербург, Владивосток, Хабаровск, Якутск, Комсомольске-на-Амур, Новосибирск, Якутск, Екатеринбург, Самара, Уфа, Казань, Сочи, Ставрополь, Воронеж қалаларында өтті. “ОВД-Инфо” порталының дерегіне сәйкес, жалпы 3296 адам тұтқындалды, олардың 1294 Мәскеуде ұсталған [2].

Оппозиционер өткен демалыс күндері қамауға алынғаннан кейін халықты наразылық білдіріп, митингке шығуға шақырған.

Саясаткердің бірнеше көмекшісі, оның ішінде баспасөз хатшысы, әйелі Юлия Навальная наразылық акциялары қарсаңында ұсталды. Ал митингке шыққан саяси және қоғам қайраткері Соболь Любовьті журналистерге сұхбат беру барысында полиция күшпен алып кеткен [1].

Ресей билігі митингтерге қарсы қатаң шара қолданатынын айтқан. Ал полиция кез-келген рұқсат етілмеген демонстрациялар мен арандатушылықтар «дереу басылады» деп мәлімдеді.

Айта кетсек, полиция Навальныйды 17 қаңтарда Шереметьево әуежайында ұстады. Саясаткер ол жаққа тамыз айынан бері емделіп жүрген Германиядан ұшып келген. ФҚАҚ оппозиционер “Ив Роше” ісі бойынша пробация ережелерін бұзды деп жала жапты: ол қыркүйек айының соңында ауруханадан шыққаннан кейін Германияда болғанын полицияға хабарламаған. Сондықтан департамент Навальныйдың шартты жазасын нақты жазаға ауыстыруды шешті. Нәтижесінде, саясаткер 18 қаңтарда 30 тәулікке қамауға алды [2].

Қымбат АРМАНҚЫЗЫ, 

"Адырна" ұлттық порталы 

  1. Alexei Navalny: Hundreds detained in protests across Russia

https://www.bbc.com/news/world-europe-55778334

  1. Акции в поддержку Алексея Навального и столкновения с полицией. Главное
    https://www.rbc.ru/politics/24/01/2021/600ae9859a794701e0e62558
Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket